Облыстық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауы өтті

Облыстық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауы өтті

2025 жылдың тамыз айында облыстық мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев және облыстық мәслихат депутаттары Н.Әлиев, Б.Ушуров, Д.Жарасбаев, А.Асылов, Ж.Бектасов, Е.Құсайынов, Ә.Төлепбергенова, Ж.Алтангадас, С.Горяной және Н.Түймелиев тұрғындармен кездесу өткізіп, қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, олардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу. Қабылдау барысында барлығы 39 азамат жеке мәселелері бойынша өз өтініштерімен жүгінді.

Түскен өтініштердің ішінде 35 азаматтың мәселесі қабылдау кезінде жедел түрде шешімін тапты. 

Ал қалған азаматтардың өтініштері бойынша заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, кейбір күрделі мәселелердің шешілуі белгілі бір уақытты талап ететіндігі атап өтіліп, олар бақылауда болатыны айтылды.