Білім күні – жаңа жетістіктерге жол ашатын күн

Білім күні – жаңа жетістіктерге жол ашатын күн

Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! 

Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек – жаңа оқу жылының алғашқы күні ғана емес, әрқайсымыздың өмірімізде жаңа мүмкіндіктер мен армандарға жол ашатын ерекше күн. Әрбір оқушы үшін бұл күн – білімге деген құштарлықтың, ізденістің бастауы.

Білім – адамзаттың ең қымбат қазынасы. Елдің болашағы білімді, саналы азаматтардың қолында. Сондықтан әрбіріміз білім алуға ұмтылуымыз керек.

Ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! Олар – біздің жолымызды жарықтандырып, өмірге дайындайтын білімді түлғалар. Сіздердің еңбектеріңіз ұрпақ тәрбиесі үшін өте маңызды.

Баршаңызға мықты денсаулық, сабыр мен табыс және жаңа оқу жылында сіздерге жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілеймін! Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын!

 

Құрметпен,

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы                                                 Қуат Байғоджаев