
Сессия барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін бірнеше мәселелер талқыланды. Соның ішінде:
🔹 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын Алматы облысында іске асыру барысы туралы есеп тыңдалды. Жоба аясында ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасын арттыру және қолжетімділігін жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
🔹 Алматы облысының қалалары мен елді мекендерін абаттандыруға қатысты ережелерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Бұл өзгерістер өңірдің дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
🔹 Ауыз суды өрт сөндіру мақсатында пайдалану кезінде сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарына төленетін шығындарды өтеу мәселелері талқыланды.
🔹 Сонымен қатар, өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту мәселесі қаралды.