Астана – Тәуелсіздіктің темірқазығы

Астана – Тәуелсіздіктің темірқазығы

Құрметті облыс тұрғындары!


Сіздерді еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тұмары – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сарыарқаның сайын даласында бой көтерген асқақ Астана – халқымыздың арманынан туған, үмітінен өрілген ерекше қала. Бұл шаһар – Тәуелсіздіктің тұғыры, елдің еңсесін биіктеткен елорда.

Астана – өткен мен бүгінді жалғаған, болашаққа бастар жолымыздың айнымас бағыты. Оның әр кірпіші – қажырлы еңбектің, елдік мақсаттың жемісі. Елордамыздың сәулеті – заманауи ойдың, болмысы – ұлттық рухтың көрінісі.
Сіздерге шаттық пен баянды өмір, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!
Еліміз аман, жеріміз тыныш, Астанамыз әрдайым елдің рухын көтеретін, ұрпаққа шабыт сыйлайтын алып орда бола берсін!

Ізгі ниетпен,
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы                                                                 Қ.Байғоджаев