Ұлтаралық татулық - ортақ құндылық: Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарының этнос өкілдерімен кездесу

Ұлтаралық татулық - ортақ құндылық: Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарының этнос өкілдерімен кездесу

Талғар аудандық әкімдігінде облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков, облыстық мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдаулетов қатысты.

Кездесуде облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың ел ішіндегі татулық пен келісімді сақтаудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол Алматы облысындағы көпэтносты қоғамның бірлігін жоғары бағалап, депутаттардың этникалық топтардың мүдделерін қорғауға және өңірдің дамуына белсенді түрде атсалысып отырғанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстың маңызы мен Мемлекет басшысының сенімін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің басшылары сөз сөйлеп, өткен қиын-қыстау кезеңдерде қазақ халқының өзге ұлт өкілдеріне көрсеткен жылу мен қолдауы үшін шынайы алғыстарын білдірді. Олар ұлтаралық татулық пен бірліктің бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің мәдени мұраны сақтап, дәстүрлерді жаңғыртуға, сондай-ақ қоғамдағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстарын жоғары бағалап, болашақта да осындай ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.