
2025 жылғы мамыр айында облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев және мәслихат депутаттары Н.Әлиев, Н.Нұрбеков, Д.Жарасбаев, Е.Құсайынов, Е.Үшкемпіров, В.Горяной, Н.Түймелиев сайлаушылармен кездесу өткізіп, қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
Қоғамдық қабылдау барысында 20 азаматтың өтініш-тілектері тыңдалды. Олардың ішінен 12 азаматтың мәселелері сол сәтте оң шешімін тапты. Қалған өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар күрделі мәселелердің алдағы уақытта шешілетіндігі жөнінде түсініктеме берілді.
Азаматтардың көтерген мәселелеріне байланысты тиісті мемлекеттік органдарға 3 депутаттық сауал жолданды.