Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі есеп берді

Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі есеп берді

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігінің есептік отырысы өтті. Бұл бас қосуға Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев және басқа да облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары, Парламент Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.

Отырыста Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің қызметі туралы төраға Төлеубек Мұқашев баяндама жасап, өңірлердегі жұмыс барысы талқылады.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру тетіктері қаралды. Нәтижесінде бірқатар шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіленді.