
Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның кезекті отырысы комиссия төрағасы Болатжан Нұрбековтың төрағалығымен өткізілді.
Отырыста облыс халқының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, денсаулық сақтау, білім беру, спорт пен мәдениет салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Күн тәртібіне сәйкес 6 мәселе қаралды.
Комиссия отырысына облыстық басқармалардың басшылары мен олардың орынбасарлары, сала мамандары қатысты.
Тиісті басқарма басшыларымен орынбасарлары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен өзекті проблемаларға тоқталды.
Отырыстың қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері бірқатар ұнысыстар енгізді.