«Жетісу» газеті
2020 жылғы 11 сәуір
№39-41
«Бүгін аса мұқтаж жандарға ерекше қамқорлық көрсету өте маңызды»
Бүгін бүкіл әлем, оның ішінде еліміз адамзатқа жаһандық қауіп туғызып отырған, короновирус індетімен күресуде. Нәтижесі трагедиялық жағдайға ұласып жатқан әлемдегі көптеген алпауыт елдердегі жағдайға қарағанда, Қазақстан бұл қауіппен күресу шараларын дер кезінде қолға алып, індеттің таралуын алдын алды деп санаймын. Сол елдердегі қайғылы жағдайларды бастан кешірмес үшін, барлығымыз бірігіп, жалпы күресу арқылы індетке қарсы тұра аламыз. Мейлі мемлекеттік қызметкер болсын, мейлі жай азамат болсын барлығымыздың жауапкершілігімізден көп нәрсе талап етіледі, ең бастысы ұлтымыздың болашағы мен денсаулығы.
Осыған байланысты біздің тәуелсіздігіміздің құрылысын алғашқы күнінен бастап республиканың көптеген тұрғындары үшін сөзсіз мәртебеге ие болып, сөздері мен пікірі қиын кезеңдерде үлкен мәнге ие болған Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін ерекше сезіммен қабылдадым. Елбасы қазіргі барша қазақстандықтар үшін қиын қыстау кезеңде де үнсіз қалмады.
Оның бұл індет салдарынан зардап шеккендерге, әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетуге шақыруы миллиондаған қазақстандықтардың жүректеріне жауап берді. Баршамызға белгілі Елбасының бастамасымен коронавируспен күресу және төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтарды қолдау үшін «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылып, еліміздің кәсіпкерлері мен ірі бизнес өкілдерінің қаржылай көмектері жинала бастады.
Мемлекет бұл жағдайға ерекше назар аударып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша азаматтар мен шағын бизнес өкілдерін қолдау мақсатында бірқатар шаралар легі дайындалды.
Карантин уақытында табысынан, жұмысынан айырылған азаматтарға меншік нысанына қарамастан төмеңгі айлық есептік көрсеткішінде 42500 тг. жәрдемақы төлеп, салық демалысы мен
несие мерзімін кейінге қалдыру және басқа да коронавирустық пандемияға қарсы шаралар жүзеге асырылуда.
Мен басқаратын «Жетісу» футбол клубы да бұл жағдайлардан тыс қалмады.
Елбасының Қазақстан халқына үндеуімен танысқаннан кейін, біздің мекеменің ұжымының жалпы жиналысында кеңесіп, қаражат жинап, қаламыздағы бірнеше әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қажетті көмек көрсету туралы ұжымдық шешім қабылдадық.
Бүгінде 200 мың теңге жиналған ақшамен азық-түлік пакеттері сатып алынды және ерекше қолдауды қажет ететін сегіз отбасыға тапсырылды.
Індеттің ауызы әлі қайтпағанымен, биліктің әрекеті және бүкіл қазақ халқының осы қиын сынақты еңсеру үшін жасаған күш-жігері, ең бастысы, біздің халқымыздың өз отандастарына, пандемиядан көп зардап шеккендерге деген көмектері қазақстандықтарға еңсеруге, жаһандық қауіппен және осы қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Бiз бiргемiз! Біз біріксек күшпіз.
Облыстық маслихатының депутаты- С.Мұқанов