Меню

Страницы

Статья

Сынақпен бірге күресейік

Төрткүл дүниені дүрліктірген коронавирус індеті біздің елді де алаңдатып отыр. Дертпен күресу үшін барлық сақтық шаралары қолға алынды. Елде төтенше жағдай жарияланып, басым көпшілік қашықтан оқуға көшірілді. Сондықтан төтенше жағдайда енгізілген ережелерді сақтап, мүмкіндігінше үйден шықпай, барлық сақтық шарасын ұстанайық.

 

Соның өзінде карантиндік режим нормаларын сақтамай, ережеге бағынбаған тәртіп бұзушылар бар. Ол дұрыс емес. Өйткені, бұл індет енжарлықты көтермейді. Кейбір адамдар «Құдай берген жанын Құдай алады» деп еш алаңсыз жүр. Осындайда «Сақтансаң сақтаймын» дегенді де естен шығаруға болмайды. Себебі, бір адамның артында оның бала-шағасы, туған-туыстары тұрады. Ал оның айналасында тұтас бір ауыл бар емес пе?

Облысымызда да карантиндік жағдай енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілді. Осы орайда белгіленген шектеулерді ұстанып, тазалық шараларына барынша көңіл бөлген дұрыс.

Тәжірибелі дәрігер ретінде әріптестерімнің айтқанын қайталаудан жалықпаймын. Індет ауамен таралатындықтан бір мезетте бірнеше адам жұқтыруы мүмкін. Сондықтан үйлеріңізге қонақ шақырып немесе қонаққа баруға болмайды. Балаларды көшеге өз бетінше жібермеңіздер. Сондай-ақ, амандасқанда қол ұсынбай ишара жасауға дағдыланған абзал. Дүкенге немесе жұмысқа барғанда бетпердені міндетті түрде тағу қажет. Осындай шектеулерге түсіністікпен қарасаңыздар, өзіңізден бөлек отбасыңыз бен туған-туыстарыңыздың да қауіпсіздігін сақтайсыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» тақырыбындағы мақаласында айтылғандай, тосыннан келген сынақпен бірге күресейік. «Тәртіпке бағынғанның құл болмайтынын» ұмытпайық. Ауырмаңыздар! Біз – біргеміз.

 

Доғдыргүл Молдақалықова,

облыстық мәслихат депутаты

 

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
09 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Ақпарат
09 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар лауазымдар тізбесі
09 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы