Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І.Жансүгіров 36 «Б», анықтама телефоны/факс: 8 7084273522. Электрондық пошта: info@almoblmaslihat.gov.kz , БИН:011240002851.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, № 36 «Б»
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
D-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында төрт жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
1..Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы, D-1 санаты, (индекс: 03-01), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 552 665 теңгеден 634 838 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: жоғарғы кәсіптік. Функционалдық міндеттері: Облыстық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық ету. Аппаратқа жүктелген функциялардың, жұмыс жоспарларының жүзеге асырылуын, облыстық мәслихаттың сессияларында қаралуға тиісті мәселелердің уақытымен қаралуын қамтамасыз ету, облыстық мәслихат хатшысының Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен және саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен тиімді өзара әрекет етуін қамтамасыз ету, облыстық мәслихаттың хатшысын ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарларының уақытылы әзірленуін және бекітуге ұсынылуын бақылау, облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарында қаралған шаралардың орындалуын бақылау, облыстық мәслихатының сессияларын ұйымдастыру, өткізу және сессиялармен байланысты құжаттаманы жинақтау, қалыптастыру барысында облыстық мәслихаттың Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету, сессия материалдарының мәслихаттың депутаттарына және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына уақытылы жолдануын бақылау, сессиялар және облыстық мәслихаттың өзге шаралары өткізілетін орындардың дайындығын бақылау, қолданыстағы заңнамаға және облыстық мәслихатының регламентіне сәйкес мәслихат аппараты мамандарына жүктелген қызметтік міндеттерінің сапалы және мерзімінде атқарылуын қадағалау, сонымен қатар аппаратта еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету, бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшының отставкасын және жауапкершілігін іске асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмінің орындалуын бақылау, облыстық мәслихат аппаратының тиімді қызметін ұйымдастыру мақсатында оны қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, облыстық мәслихат аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары әзірленген кезде, аппараттағы бар материалдық құндылықтардың тиімді пайдалануын зерттеу, облыстық мәслихаттың аппаратына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қаралуын бақылау, облыстық мәслихат аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарларында нысаналы мақсатты индикаторларды анықтау, облыстық мәслихаты аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауын жүзеге асыру, сессиялардың облыстық мәслихаттың ресми сайты арқылы Онлайн трансляциялануын бақылау, облыстық мәслихаттың ресми сайтының жұмыс жасауын, оның контентінің уақытылы және сапалы толықтырылып отырылуын бақылау, облыстық мәслихаттың хатшысының қол қоюына енгізілетін құжаттардың сапасын тексеру. ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
«А» – функционалдық блогы.