2022 жылғы Алматы облыстық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша
тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы ақпарат
6 комиссия мүшесі; Төрағасы – Сүлейменов Асқар Фазылұлы.
Комиссия мүшелері: Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы, Нұрдаулетов Сұлтан Нұрғайыпұлы, Тлеуханов Сұнғат Қадырбекұлы, Үшкемпіров Елдос Жақсылықұлы, Естібеков Талғат Нұрмолдаұлы.
Алматы облыстық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, облыстық мәслихаттың регламентіне, перспективалық және комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Тұрақты комиссияның 5 отырысы өткізілді, оның 1 бірлескен және 1 көшпелі отырыс болып табылады. Комисссия отырысында 13 мәселе қаралды, олар: Алматы облысының ауыл шаруашылығын дамыту тұжырымдамасы туралы, Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы, 2021 жылғы субсидияның қаржы көлемі және оның орындалуы туралы, Пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қолданып жатқан шаралар туралы, Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру үшін қолданып жатқан шаралар туралы, Жергілікті жүртшылықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін қолданып жатқан шаралар туралы, Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 1 сәуірдегі №17-80 және Алматы облысы әкімдігінің №85 «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгілеу туралы ұсыныс енгізу туралы» бірлескен шешімінің мән мағынасын түсіндіру, 2022 жылғы субсидияның қаржы көлемі және оның орындалуы туралы, Жеңілдікті ЖЖМ көлемі туралы, Ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық іс-шараларды өткізу туралы, Ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларына қосымша қаржыландыру туралы, Алматы облысындағы мал ұрлығының алдын алу үшін атқарылып жатқан жұмыс туралы, Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы мәселелер қаралып тиісті шешімдер қабылданып, келесі басқармаларының есепті баяндамалары тыңдалды: облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы, облыстық жер қатынастары басқармасы, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті, облыстық ветеринария басқармасы, облыстық Полиция департаменті, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті.
Комиссия мүшелері әртүрлі бағдарламаларды дайындауға және олардың облыстық мәслихатының сессияларында қабылдануына белсене қатысты.
Комиссияның жұмыс жоспарларының, комиссия қабылдаған қаулылардың, сессия шешімдерінің, комиссияға түсетін құжаттардың орындалу мерзімдерінің сақталуына тұрақты бақылау жүзеге асырылды.