Алматы облыстық мәслихатының
кезектен тыс XXІV сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ
Қонаев қ. 8 тамыз 2022 жыл
- Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 «Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-125 «Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Алматы облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 7-55 «Мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеттіліктеріне ақысыз, рұқсат беру құжаттарынсыз жабайы жеміс, жаңғақ, саңырауқұлақ, дәрілік шикізат бүлдіргендерді және орман ресурстарын жинау нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 «Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 2 желтоқсандағыдағы №39-223 «Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу мөлшерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- Алматы облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 18-118 «Талғар қалашығы», «Қойлық қалашығы», «Қарамерген қалашығы» тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- Алматы облыстық мәслихатының 2013 жылғы 09 тамыздағы № 21-133 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.