Алматы облыстық мәслихатының
кезектен тыс IV сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ
Талдықорған к. 20 сәуір 2021 жыл
- Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" №64-339 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің жерінде дене шынықтыру – сауыктыру кешенінің құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі №49-249 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы мектепке дейінгі білім беру қызметін көрсету үшін – жеке меншік нысан – балабақшаны жөндеу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 7 қарашадағы №36-194 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «2018 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 18 сәуірдегі №30-161 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Талдықорған қаласындағы жабық жүзу бассейн құрылысы және пайдалануы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2019 жылғы 25 ақпандағы №43-226 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен айқындалған қызметтер мен міндеттерді жүзеге асыруы, 2019-2021 жылдар аралығында атқарған қызметі және құзыретті органдар тарапынан айқындалған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстары туралы.