Алматы облысытық мәслихатының Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының және Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясының ұарамына өзгерістер енгізу туралы жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысытық мәслихатының Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының және Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясының ұарамына өзгерістер енгізу туралы  жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының және Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясының ұарамына өзгерістер енгізу туралы  жаңа құрамын қалыптастыру туралы.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия сайлау комиссияларының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2024 жылғы 08 мамырға дейін облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгі бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген үлгі бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің үлгілері, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері облыстық мәслихаттың сайтында орналастырылған.        

Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Біліктілік талаптары облыстық мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.        

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 08 мамырға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 Алматы облыстық мәслихаты

 

Алматы облыстық мәслихатының  төрағасы -  Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы. 

Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы,  Индустриальная көшесі, 16/4 үй, Алматы облыстық әкімдіктің ғимараты.

Жауапты адам – Алдабергенова Аиым Алдабергенқызы, 7-қабат, каб. №708, қалааралық телефон коды (872772), қызметтік телефоны: 2-03-46, ұялы телефоны: 87478613614, электрондық пошта мекенжайы: info@almoblmaslihat.gov.kz.

 

Облыстық мәслихат аумақтық сайлау комиссиясындағы сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедек адамдарға жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүшесін сайлайды:

Аумақтық сайлау комиссиясының мекенжайы:  Қонаев қ,  Қойшыманов көшесі 4.

Төменде көретілген Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясындағы бос орындарға жаңа мүшелер сайлайды:

 

№

Сайлау комиссиясының номері нөмірі

Сайлау комиссиясы объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау комиссиясының мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

 

Елді мекен

Көше

Үй

 

 

1

2

3

4

5

6

7

 

1

№1

Бақанас ауылдық округінің әкімшілігі

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы 

Қонаев көшесі 

75 

1

 

2

№6

Жамбыл ауданының мәдениет үйі

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы

Абай көшесі 

53 

1

 

3

№7

№ 3 орта мектебі  

Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы 

Досымбетов көшесі 

4 Б 

1

 

4

№8

Абай атындағы орта мектеп-гимназия,

 Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы

 Гоголь көшесі

44 

1

 

5

№11

Іргелі ауылының мәдениет үйі

Қарасай ауданы, Іргелі ауылы

Қонаев көшесі

80

1

 

6

№12

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 7 орта мектеп-лицейі

Талғар ауданы, Талғар қаласы

Ғ. Мүсірепов көшесі

57

1

 

7

№13

№ 32 орта мектебі

Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы

С. Әлиев көшесі

54

1

 

8

№16

Н. Островский атындағы орта мектебі

Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы

Балагөзов көшесі

2 А

1

 

 

Алматы облыстық  мәслихаты

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024