ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы мен 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, ҚР қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес 2019 жылы облыстық мәслихатпен келесі қызмет атқарылды.
5 кезекті және 12 кезектен тыс сессия өткізіліп, олардың барысында 68 жалпы және 12 нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер қабылданды.
Облыстың 2019-2021 жылдарға арналған бюджетіне 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің мөлшері 547,0 мрд.теңгені құрады.
Облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы және Талдықорған қаласының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы бекітілді.
Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 2018 жылғы өзіне жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің атқарылуы туралы облыстық мәслихаттың сессиясында берген есебі тыңдалып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамыуын қамтамасыз ету ісінде жергілікті атқарушы органдармен қол жеткізілген елеулі жетістіктер ескеріле келе, облыстық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданып, қолдау тапты.
Мәслихат депутаттарының негізгі міндеті – халықтың мұң-мұқтажын билік назарына жеткізу арқылы шешілуін қамтамасыз ету болғандықтан, олар үнемі жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етуде. Осы жұмыстың айқын айғағы ретінде өңір басшысының облыстық мәслихат депутаттарымен 2018 жылғы 25 тамыздағы кездесуін атап кетуге болады, осы шара барысында талқыланған 45 жергілікті маңызы бар өзекті мәселенің бүгінгі таңда 10 немесе 22,2% толығымен шешімін тапты қалған 35 мәселенің шешілун қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс дәйекті жалғасып жатыр. Таратып айтатын болсақ, бүгінгі таңда Ескелді ауданындағы Байысов орта мектебінің, Кеген ауданындағы А.Туркебаев орта мектебінің, Кербулақ ауданындағы Панфилов орта мектебінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді, Іле ауданы Қарасу ауылындағы су жүйелері салынды, Көксу ауданындағы дренажды каналдардың тіркелуі қамтамасыз етілді, Текелі қаласындағы «Металлург» шағын ауданының жылу магистралі жөндеуден өткізілді, қалған мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс кезең-кезеңімен атқарылуда.
Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдарының «Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы», «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша атқарылған жұмыс туралы», «Алматы облысының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы», «Алматы облысында жастар саясатының іске асырылу барысы туралы», «Алматы облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы» есептері тыңдалып, бекітілді;
Облыстық мәслихаттың шешімдерімен құрамына 8 мемлекеттік міндеттеме енген жергілікті мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалар тізбесі бекітіліп, 5 міндеттеме іске асты, олардың ішінде: Қаратал ауданы Қожбан ауылындағы 20 орынды бастауыш мектебі салынды, Үшарал қаласындағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсетілуде, Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы прокуратураның ғимараты мен екі әкімшілік ғимарат қайта құрылып пайдалануға берілді. Қарасай ауданы Әйтей ауылында 1200 орындық мектеп пен Райымбек ауылдық округіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің және Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейнының құрылысы жүргізілуде.
Облыстық мәслихатпен қабылданған шешімдерге сәйкес:
Облыс әкімінің ұсыныстары бойынша республика, облыс деңгейінде қоғамды демократияландыруға және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 10 азаматқа «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Халықты баспанамен қамту қолжетімділігін арттыру мақсаттарында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалды. Осының нәтижесінде бюджеттік мекеме қызметкерлері мен көпбалалы отбасыларына, жалпы сомасы 169 млн. теңгені құрайтын 189 сертификат табысталды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары, жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары, облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерiн жеке меншiкке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары, 2019-2025 жылдарға арналған энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспары және жергілікі атқарушы органдарының жанындағы 10 ведомстоваралық комиссияның құрамы бекітілді.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен облыс бюджетінің атқарылуы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, елді мекендерді орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту және өзге де көптеген маңызы зор мәселелері қаралып талқыланды.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихатпен құрылған жұмыс тобымен жарияланған конкурс нәтижесінде, облыстық қоғамдық кеңестің 35 мүшеден тұратын жаңа құрамы сайланды, олардың ішінде 28 мүше коммерциялық емес ұйымдардың және 7 мүше мемлекеттік органдардың өкілдері.
Облыстық мәслихаттың депутаттарымен «Нұр Отан» партиясының аумақтың филиалдарында 188 кездесу өткізіліп, олардың барысында 273 адам қабылданды, 179 мәселе оң шешімін тапты, 90 мәселе бойынша түсініктеме берілді.
Жұртшылықтың облыстық мәслихаттың қызметі туралы кеңінен хабардар етілуін қамтамасыз ету үшін арнайы almoblmaslihat.gov.kz атты ресми сайт жұмыс жасап тұр.
Облыстық мәслихаттың депутаттарымен есепті кезеңде жалпы сомасы 158 228 000 теңгені құрайтын қайырымдылық қызмет атқарылды, оның ішінде баспағана мұқтаж отбасыларына 27 700 000 теңгеге 4 үй сатып беріліп, аз қамтылған азаматтарға кең көлемді көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылы Алматы облыстық мәслихатының мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту бағытындағы қызметі дәйекті түрде жалғасын табады және оның барысында республиканың 2025 жылға дейінгі даму жоспарының, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмаларының орындалуына, халықты толғандырып отырған өзекті мәселелердің шешілуіне, облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және аумақтық бағдарламалардың орындалу сапасы мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелеріне баса назар аударылатын болады.