Алматы облыстық мәслихатымен 2020 жылы атқарылған қызмет туралы есеп

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы мен 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, ҚР қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес 2020 жылы облыстық мәслихатпен келесі қызмет атқарылды:

— 4 рет облыстық атқарушы органдар басшыларының есептері тыңдалып талқыланды, 4 кезекті және 6 кезектен тыс сессия өткізіліп, 55 шешім қабылданды. Олардың ішінде 9 нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер (бюджет мәселелері бойынша – 7, әкімшілік – аумақтық құрылыс мәселелері бойынша – 3, ауылшаруашылығы мәселелері бойынша – 1, табиғатты пайдалану мәселелері бойынша – 1, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік  мәселелері – 10, автомобиль жолдары бойындағы сыртқы жарнама мәселесі – 1, комиссиялардың дербес құрамдарын бекіту мәселесі – 14, тағы басқа мәселелер қаралып шешім қабылданды).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттык басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттардың негізгі фунциясы тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын және жергілікті бюджетті бекіту болып табылады. Осыған сәйкес, облыстың 2016 – 2020 жылдарға арналған бюджетіне 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, облыс бюджеті 2019 жылы 547,0 млрд. теңгені құраса 2020 жылдың қорытындылары бойынша 742,1 млрд. теңгені құрап 195,1 млрд. теңгеге немесе (35%) ұлғайды.

Алматы облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына бір рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ҚР Парламент Сенатының депутаттығына ұсынылған кандидат депутаттардың қолдауымен шешім бекітілді.

Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 2020 жылғы өзіне жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің атқарылуы туралы облыстық мәслихаттың сессиясында берген есебі тыңдалып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамыуын қамтамасыз ету ісінде жергілікті атқарушы органдармен қол жеткізілген елеулі жетістіктер ескеріле келе, облыстық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданып, қолдау тапты.

Облыстық атқарушы органдарға жергілікті жұртшылықты толғандырып отырған мәселелер бойынша 86 депутаттық сауал жолданып, тиісті шешімін тапты.

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссиларының отырыстарында  24 мәселе қаралды, оның ішінде: әлеуметтік сала бойынша — 12, жол мәселесі бойынша — 1,  индустриялық-инновациялық саласы бойынша — 4, ауылшаруашылығы мәселесі — 2, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша — 5.

Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдарының «Алматы облысының 2019-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы»,  «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік  жобалары бойынша атқарылған жұмыс туралы»,  «Алматы облысының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы»,  «Алматы облысында жастар саясатының іске асырылу барысы туралы» есептері тыңдалып, бекітілді.

 

Алматы облысы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидарары мен Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілді.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен  облыс бюджетінің атқарылуы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, елді мекендерді орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту және өзге де көптеген маңызы зор мәселелері қаралып талқыланды.

Облыс әкімінің ұсыныстары бойынша республика, облыс деңгейінде қоғамды демократияландыруға және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 12 азаматқа  «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихатпен құрылған жұмыс тобымен жарияланған конкурс нәтижесінде, облыстық қоғамдық кеңестің 35 мүшеден тұратын жаңа құрамы сайланды, олардың ішінде 28 мүше коммерциялық емес ұйымдардың және 7 мүше мемлекеттік органдардың өкілдері.

Мәслихат депутаттарының негізгі міндеті – халықтың мұң-мұқтажын билік назарына жеткізу арқылы шешілуін қамтамасыз ету болғандықтан, олар үнемі жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етуде.

Облыстық мәслихаттың депутаттарымен «Nur Otan» партиясының аумақтың филиалдарында 188 кездесу өткізіліп, олардың барысында 273 адам қабылданды, 179 мәселе оң шешімін тапты, 90 мәселе бойынша түсініктеме берілді.

Жұртшылықтың облыстық мәслихаттың қызметі туралы кеңінен хабардар етілуін қамтамасыз ету үшін арнайы almoblmaslihat.gov.kz  атты ресми сайт жұмыс жасайды.

Облыстық мәслихаттың депутаттарымен есепті кезеңде жалпы сомасы 158 228 000 теңгені құрайтын қайырымдылық қызмет атқарылды, оның ішінде баспағана мұқтаж отбасыларына 27 700 000 теңгеге 4 үй сатып беріліп, аз қамтылған азаматтарға кең көлемді көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылы Алматы облыстық мәслихатының мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту бағытындағы қызметі дәйекті түрде жалғасын табады және оның барысында республиканың 2025 жылға дейінгі даму жоспарының, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмаларының орындалуына,  халықты толғандырып отырған өзекті мәселелердің шешілуіне, облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және аумақтық бағдарламалардың орындалу сапасы мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелеріне баса назар аударылатын болады.

Дата публикации
08 декабря 2022