
1963 жылы Алматы облысының Кеген ауданы Саты ауылында туған.
Білімі – жоғары.
1988 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.
Мамандығы - Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс.
Еңбек жолын 1986 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан совхозының товарлы сүт фермасында оператор-есепші болып бастаған.
1988-1997 жылдары Мичурин колхозында мал шаруашылығында арендатор, Талғар ауданы.
1997-2011 жылдары «Қазфарм» ЖШС менеджері, директордың орынбасары, Алматы қаласы.
2011-2016 жылдары «Қазагростандарт» ЖШС-нің директоры, Жамбыл ауданы
2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін «ХанТотас» ШҚ басшысы, Талғар ауданы.
29.03.2023 ж. бастап 12.10.2026 ж. дейін - VIII шақырылымдағы Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.