2022 жылдың 10 қарашасында Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Таймерденов Жайық Мейрамбекұлы "Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"ММ қызметкерлері үшін семинар-тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың салдары қандай болатынын түсіндіру, рухани байыту мен адамгершілікті материалдық құндылықпен салыстырғанда бірінші орынға қоюдың ұтымдылығын түсіну. Басқарма қызметкерлерімен кездескен Жайық Мейрамбекұлы темір тордың арғы жағындағы сыбайлас жемқорлардың өмірі, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар, бүгінгі қылмыстың ұрпақтардың болашағына қалай әсер ететіні туралы айтып берді.