Тәуелсіздік күні қарсаңында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Қарасай ауданының Іргелі ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылында бір ауысымда 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория және Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында медициналық пункт ашылды. Қарасай ауданының Іргелі ауылында да құрылысына жергілікті бюджеттен 420,1 млн.теңге, Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылында 279,6 млн. теңге және Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында 163,7 млн. теңге қарастырылған.