Талдықорғанда жоғары политехникалық және медициналық колледждеріне арналған 480 орынды екі жаңа жатақхана ашылды

Талдықорғанда жоғары политехникалық және медициналық колледждеріне арналған 480 орынды екі жаңа жатақхана ашылды

         Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорғанда жоғары политехникалық және медициналық колледждеріне арналған 480 орынды екі жаңа жатақхана ашылды. Ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Айта кету керек, жаңа жатақханалар ерекше жайлылық пен ерекшеленеді. 2 және 3 тұрғынға арналған тұрғын бөлмелер жалпы блокқа біріктірілген. Әрқайсысында қажетті жиһаздар мен ыдыс-аяқтары бар толық жабдықталған шағын ас үй, сондай-ақ душ бөлмесі және де жуыну бөлмесі бар. Сонымен қатар, оқуға және демалуға, тұрмыстық қажеттілікке арналған бөлмелер, асханалар, фельдшерлік пункттер бар.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі үшін 200 орынға есептелген жатақхана құрылысына жергілікті бюджеттен 681,5 миллион теңге, медициналық колледж жатақханасына 988,8 миллион теңге бөлінгені хабарлайды