Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
Алматы облысында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Негізгі міндет-облыста кезекте тұрған азаматтарды сапалы және Қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта ЖАО-да тұрғын үй алу кезегінде 51,5 мың азамат тұр. Баспанамен қамтамасыз ету жалға берілетін, кредиттік тұрғын үй салу және жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын ынталандыру мақсатында кешенді құрылыс салу аудандарына ИКИ жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін ағымдағы жылы облыс бойынша 28,7 млрд.теңгені игеру жоспарланып отыр (РБ – 19,4 млрд. теңге, оның ішінде 10,4 облигация, ЖБ – 17,0 млрд.теңге). 2020 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 938,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде: - бюджет қаражаты есебінен 135,3 мың ш. м.; - жеке құрылыс салушылар есебінен 77,3 мың ш. м.; - ЖТҚ (халық) есебінен 726,2 мың ш. м. Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 806,7 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 108,6% (бюджет қаражаты есебінен 60,5 мың ш. м.). 2020 жылы бюджет қаражаты есебінен 246,2 мың шаршы метр тұрғын үйдің немесе 3 258 пәтердің (714 тұрғын үй) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде жыл соңына дейін жалпы ауданы 135,3 мың шаршы метр болатын 1 425 пәтерлі 376 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде: Жалға берілетін тұрғын үй - жалпы ауданы 57,9 мың ш. м. 736 пәтерлік 284 үй (01 қарашадағы жағдай бойынша ауданы 22,0 мың ш. м. 290 пәтерлік 45 үй пайдалануға берілді.); Кредиттік тұрғын үй - жалпы ауданы 51,9 мың ш. м. 648 пәтерлі 51 үй (01 қарашадағы жағдай бойынша ауданы 31,7 мың ш. м. 420 пәтерлі 8 үй пайдалануға берілді.); Коммуналдық тұрғын үй - жалпы ауданы 25,4 мың ш.м. 41 жеке үй (ауданы 21,3 мың ш. м. 4 жатақхана), (01 қарашадағы жағдай бойынша ауданы 0,4 мың ш. м. 4 үй және ауданы 11,3 мың ш. м. 2 жатақхана пайдалануға берілді). Бұдан басқа, ЖАО-да кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін біз жыл сайын орта есеппен 6 мың жер учаскесіне ИКИ салуды жүзеге асырамыз. Осы мақсаттарға бюджеттен жыл сайын шамамен 10,0 млрд.теңге бөлінеді. Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін облыс әкімдігімен жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу бойынша қазіргі уақытта 43 перспективті алқап айқындалды. Аталған алқаптарда жалпы ауданы 4,7 млн.ш.м. болатын 119 мың пәтерлік 2 мыңнан астам тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 10 құрылыс компаниясы осы бағыт бойынша қатысуға қызығушылық танытып отыр. Бұдан басқа, ауылдық елді мекендерде коммуналдық тұрғын үй салу үшін ауданы 2,5 мың га жеке тұрғын үй құрылысы үшін 13,9 мың жер учаскесі бар. Осы бағыт бойынша 52 қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз еткісі келетін 16 әлеуетті жұмыс беруші қатысуға дайын. Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.