АНЫҚТАМА
Алматы облысы құрылыс басқармасының бюджеті 2023 жылы 123,800 млрд. теңгені құрайды. I тоқсанға жоспарлаған қаржының 99% игерілді.
Облыс бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында 241,355 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспардың 100 пайызын құрайды, оның ішінде:
- бюджет есебінен- 5,3 мың шаршы метр;
- халық есебінен -146,8 мың шаршы метр;
- жеке құрылыс салушылар есебінен – 89,2 мың шаршы метр;
Ағымдағы жылы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында 600 орындық орта мектептің қосымша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Ұйғыр ауданындағы Бахар ауылындағы мәдениет үйінің қайта жаңғырту құрылысы, Нарынқол ауылындағы өрт сөндіру бекетінің құрылысы аяқталып, қабылданды.
ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында, елімізде ауқымды мәселенің бірі, үш ауысымды мектептерді жою, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау, ауылдық жердегі халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасау мәселесі атап айтылған.
Аталған міндеттерді орындау мақсатында облысымызда білім беру саласында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бекітілді. 2023-2026 жылдар аралығында облысымызда 63 мектеп құрылысын жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы 28 мектеп құрылысына жер телімдері бөлініп, құрылыс жұмыстары 2 тоқсанда басталады. Жалпы жобаның іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 трлн. теңге бөлінді.