Алматы облыстық құрылыс басқармасының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында басқарма басшысы С.Қараласовпен құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін азайту бойынша түсіндірмелер берілді.