2021 жылғы I тоқсан қорытындысы туралы құрылыс басқармасы бойынша ақпарат

           2021 жылғы I тоқсан қорытындысы туралы құрылыс басқармасы бойынша ақпарат

2021 жылға құрылыс басқармасы бюджетінің көлемі 56,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: - республикалық бюджеттен берілетін субвенция есебінен-13,3 млрд. теңге; - Ұлттық қор есебінен-15,9 млрд. теңге; – жергілікті бюджеттен-27,3 млрд. теңге;

Бөлінген қаражатқа 690 нысанның құрылысы жоспарланған (28 білім беру нысаны, 5 денсаулық сақтау нысаны, 550 тұрғын үй нысаны, 69 инженерлік желілер нысаны, 12 коммуналдық шаруашылық нысаны, 7 Ішкі істер органы нысаны, 1 әлеуметтік мәні бар нысан, 1 мәдениет нысаны, 7 спорт нысаны, 10 ауыл шаруашылығы нысаны), оның ішінде: ағымдағы жылы 619 нысан пайдаланысқа беріледі, 2022 жылға ауыспалы 71 нысан.

Бірінші тоқсанда жоспарланған 3,2 млрд. теңгенің 1,7 млрд.теңгесі немесе 54% игерілді (игерілмеу себебі, білім беру бағдарламасы бойынша ББС-ға өзгерістер енгізуге байланысты 2021 жылғы 29 қаңтарда құқықтарды берудің 3 түрін қосу бөлігінде құқықтарды беру функционалы жаңартылды. Аудандар мен қалалардың құрылыс бөлімдерінен жоспарлар мен шарттарды беру кезінде порталдың қателері үнемі анықталып, шарттар құрылыс басқармасына 2021 жылғы 18 наурызда ғана берілді. Порталдың қатесі 31.03.2021 ж. жойылды, кейін порталда бірқатар басқа қателер анықталды, бұл бірінші тоқсанда қаражаттың игерілмеуіне әкелді).

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысына жергілікті бюджет есебінен 1,0 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 250,0 млн. теңге игерілді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне төрт Денсаулық сақтау объектісін (3 емхана және 1 сейсмикалық күшейту) салуға қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім берілді)

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 1005,0 мың шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарлануда, оның ішінде: - бюджет қаражаты есебінен 191,3 мың ш. м.; - жеке құрылыс салушылар есебінен 88,5 мың ш. м.; - ЖТҚ есебінен (халық) 725,2 мың ш. м. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін 31,7 млрд.теңге бөлінді (РБ – 18,6 млрд. теңге, оның ішінде облигациялар 3,7 млрд.тг, ЖБ – 13,1 млрд.тг).

Бюджет қаражаты есебінен 311,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4126 пәтер (550 тұрғын үй) салу жоспарлануда, оның ішінде ағымдағы жылы жалпы ауданы 191,3 мың шаршы метр 2603 пәтерлік 521 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде: Жалға берілетін тұрғын үй - жалпы ауданы 119,5 мың ш. м. 1695 пәтерлі 406 үй.; Кредиттік тұрғын үй - жалпы ауданы 66,8 мың ш. м. 858 пәтерлік 65 үй.; Коммуналдық тұрғын үй - жалпы ауданы 5,0 мың ш. м. 50 жеке тұрғын үй. 2021 жылдың 1-тоқсанында (стат деректер бойынша) 206,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жеке қаражат есебінен Талғар ауданы "Нурия" ТК 144 пәтерлі 12,5 мың шаршы метр 2 үй, Қапшағай қаласы "Балсу" ТК 36 пәтерлі 2 үй) немесе 2020 жылдың есепті кезеңінде 107%. 30 спорт, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, Ішкі істер органдарының объектілерін салуға (оның ішінде ЖҚЖК 5 нысан) (9-ауыл шаруашылығы объектілері, 1-ішкі істер объектілерін дамыту, 7-спорт объектілерін дамыту, 13-коммуналдық шаруашылықты дамыту) 5,2 млрд. теңге бөлінді. Бірінші тоқсанда 558,1 млн.теңге немесе жоспардың 94,5% игерілді. 2 нысан пайдалануға берілді (Балқаш ауданы Бақанас а. және Райымбек ауданы Нарынқол ауылдарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері).

Дата публикации
14 апреля 2021