"Е-өтініш" АЖ жиі қойылатын сұрақтар тізбесі

Сұрақ: Салынған объектіні пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады?

Жауап :

«Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау» Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасы Заңының 11-тарауымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Заңның 11-тарауының 73-бабына сәйкес,

      Объектіні қабылдау мен пайдалануға беруді Тапсырыс беруші ол толық дайын болған кезде бекітілген жобаға сәйкес және келесі құжаттар бар болғанда жүргізеді:

- Сәйкестік туралы декларациялар,

- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылар,

- Орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігін растау.

Салынған объектінің толық дайын екендігі құрылыс салуды ұйымдастыру қағидалары мен рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес айқындалады. Сәйкестік декларациясы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытындылар және орындалған жұмыстардың жобамен сәйкес екені негізінде тапсырыс беруші мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалаулар қатысуымен міндетті түрде:

- Техникалық құжаттаманың бар-жоғын және толықтығын тексереді;

- Нысанды тексереді;

- Объектіні пайдалануға дайындығын соңғы тексеру арқылы тиісті акт бойынша қабылдайды.

Часто задаваемые вопросы в "Е-өтініш"
Дата публикации
30 апреля 2026