
Білім беру және мәдениет нысандарын салу бағыты бойынша негізгі міндеттер
Үш ауысымды оқытуды, авариялық мектептерді және оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында мектептер салу, кәсіптік - техникалық колледждер, оларға жатақханалар салу бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету, бюджеттік және басқа да бағдарламалар жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу.
Мәдениет жобаларын, Мәдениет үйлерін, мұражайлар мен халықты әлеуметтік қорғау жобаларын салу бөлігінде, реабилитация орталықтарын, мүгедектер үйлерін, бейімдеу орталықтарын салу бөлігінде іске асыру.