Құрметті аудан тұрғындары!
«Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-і бас жоспарларды жобалау бойынша қоғамдық тыңдалым өтетінін хабарлаймыз.
1.«Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылының бас жоспарын әзірлеу (түзету)» бойынша қоғамдық тыңдалым 2024 жылдың 9 қазаны сағат 10:00 де Саты ауылы, Б.Шамбылұлы көшесі, 24 ауылдық округ әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтеді.
2.«Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)" бойынша қоғамдық тыңдалым 2024 жылдың 9 қазаны 15:00 де Жалағаш ауылы, А.Жүнісов көшесі, 30 мекен-жайындағы Мәдениет үйі ғимаратында өтеді.
Қоғамдық тыңдалымға аудандық әкімдіктің инстаграм парақшасы Kegen_audany_akimdigi арқылы онлайн қатысу мүмкіндігі бар. Жоба бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ кеңселерінде, сондай-ақ жобалаушы институт «Казгипроград»1 ЖШС (Алматы қ.) кеңсесінде танысу үшін қолжетімді. Бас жоспарлар бойынша ұсыныстарды «Казгипроград»1 ЖШС-гі (Алматы қ.) қабылдайды.
Ұсыныстар жолдау үшін келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз:
Телефон: +7 7071708600
Электрондық пошта: kazgiprograd_1@mail.ru