
Кеген ауданына Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің вице-министрі Аблалиев Сатжан Айтенович іс-сапармен арнайы келді
Сапар барысында Кеген ауданындағы басты мәселе республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайымен танысты.
Ағымдағы жылы Кеген ауданына 4 бағытқа яғни, «КазАвтоЖол» АҚ ҰК Алматы облыстық филиалы арқылы Кеген ауданына автомобиль жолдарына жалпы ұзындығы 93 км болатын 4 нысанға орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталына беріліп, жұмыстар ұйымдастырылуда.
Атап айтсақ:
1. «Көкпек-Кеген-Түп» 26-41 км аралығы,
2. «Көкпек-Кеген-Түп» 68-88 км аралығы,
3. «Кеген-Нарынқол» 0-37 км аралығы,
4.«Жаланаш-Саты-Көлсай көлі» 3-24 км аралығы.