
«AMANAT» партиясының Алматы облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Лаззат Тұрлашов ауданымыздағы сапарында Кеген ет комбинатының жұмысымен танысты.
Кеген ет комбинаты осы жылдың аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде.
Сонымен қатар аудан орталығындағы құрылысы жаңадан аяқталған Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебін көріп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.