САҚ БОЛЫҢЫЗ, СІБІР ЖАРАСЫ! АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

САҚ БОЛЫҢЫЗ, СІБІР ЖАРАСЫ!  АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

Сібір жарасы – жіті, аса қауіпті инфекция, ойық жаралы гангреналы дерматит деп те аталады.
Қоздырғышы: спора түзетін бактерия (Bacillus anthracis). Споралар тірі организмнен тыс сыртқы ортада түзіледі, физикалық және химиялық әсерлерге төзімділігі жоғары, жануар немесе адам ағзасына түскенде, олар асакүшті әсерлі у – экзотоксин бөледі.
Инфекция көздері: ауру ауыл шаруашылығы жануарлары (ірі қара мал, жылқы, есек, қой, ешкі, марал, түйе және т.б.). Ауру жануар қоршаған ортаға зәрмен, нәжіспен, сілекеймен қоздырғыш шығарады.

Жұқтыру жолдары:

Жанасу арқылы (ауру малды күту, малды сою, тері, жүнді өңдеу, қоздырғыш спораларымен ластанған зақымдалған тері арқылы);

Ауа-шаңды жолмен (споралары бар ластанған шаңды, сүйек ұнтағын жұту арқылы);

Алиментарлық (ауру малдың шикі/термиялық өңдеуден дұрыс өтпеген етін жегенде);

Адамнан адамға жұғуы байқалған жоқ.

Клиникалық формалары мен белгілері:

Тері (көбінесе кездеседі) – алдымен теріде қызарған қышыма қызыл дақ пайда болады, кейін ол қан аралас көпіршіктерге, содан кейін стропқа/сібір жарасының карбункулына айналады (ортасында қара түсті, шеттері сары, білігі қою-қызыл)

Өкпе (сирек) – дене қызуының көтерілуі, кеуде қуысының ауыруы, ентігу, қан қысымының төмендеуі, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, қанды жөтел (жара/строп лимфа түйіндерінде пайда болады).

Асқазан-ішек (өте сирек) – қызба, іштің ауыруы, қанды диареямен құсу (жара/строп асқазанда пайда болады).

Өлім көрсеткіші 10%-дан (тері түрінде) 100%-ға дейін (өкпе түрінде) өзгеруі мүмкін.
Емдеу, аурудың түріне қарамастан, сібір жарасына қарсы арнайы глобулин мен антибиотиктерді қолданудан тұрады.
Емдеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тиімді нәтижеге жету мүмкіндігі жоғары болады!