"Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу"

"Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу"

 Бүгін  #oqy&toqy айдарында білім беру ұйымдарының ресми құжаттарын апостильден өткізудің қысқа да нұсқа жолын көрсетпекпіз.

 Egov.kz порталына кіріңіз
Іздеу жолы арқылы  "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" қызметін табыңыз
Қызметті онлайн сұратыңыз
Өтініш беруші мен апостильденетін құжат туралы мәліметтерді толтырып шығыңыз
«Файлды таңдау» арқылы құжаттың электронды көшірмесін порталға жүктеңіз
Екінші қадамға өтіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз
«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз
Жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан қызметті өңдеу уақытымен танысыңыз
Құжатқа апостиль қойғызуға, өзіңіз өтініште көрсеткен ХҚО-ға барасыз
 ХҚО-ға өзіңізбен  бірге өтінішті, апостиль қойылатын құжатты, жеке куәлігіңізді, төлем туралы түбіртекті ала барыңыз
Айтпақшы, ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондауды ұмытпаңыз