ЭЦҚ-ны қашықтан алу

ЭЦҚ-ны қашықтан алу

Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. ✍️  Олай болса,  #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.

📌Egov.kz порталына кіріңіз;

📌 Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

📌 Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;

📌ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;

📌 Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;

📌Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;

📌Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;

📌Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;

📌Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;

📌Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;

📌 Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;

📌Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;

📌Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;

📌 Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;

📌Сертификатты жүктеңіз.