Цифрлық сауаттылықты арттыру

Цифрлық сауаттылықты арттыру

Сіз цифрлық әлемнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келе ме? Онда Сізді цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған онлайн оқытуға шақырамыз.  Ол жерде Сіз:

- интернет және мобильдік гаджеттердің мүмкіндіктері туралы;

- деректерді сақтау, беру тәсілдері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы біле аласыз.

Сонымен қатар:

- онлайн режимде тауарларды сатып алу, сату және қызметтер көрсетуді;

- мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуды;

- мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, оларды өз жұмысыңызда қолдануды үйренесіз.

Онлайн оқытудан өту үшін digitalkz.kz сайтында тіркеліп, қажетті курсты таңдау керек. Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7282) 401160 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Цифрлық Қазақстан – жаңа мүмкіндіктерге ұмтыл!