
Кеген аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған мерекелік жиын өтті.
Салтанатты жиынға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында ең алдымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша Кеген ауданының әкімінің орынбасары Мұхтар Батырханұлы баяндама жасаса, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау тілегін жеткізіп, сала бойынша аудан тұрғындарын мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, ауыл шаруашылығы саласын әлі де дамытуға шақырып, бірқатар ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады.