Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұлттық валюта —Теңге күні мен қаржыгерлер күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұлттық валюта —Теңге күні мен қаржыгерлер күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұлттық валюта —Теңге күні мен қаржыгерлер күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Аталған шараға аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы арнайы қатысып, қаржыгерлерді төл мерекелерімен құттықтады.
Аудан әкімі Н.Теңізбаев өз сөзінде: «Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 15 қарашасында егемен еліміздің төл теңгесі айналымға енді. Биыл төл теңгемізге 30 жыл екенін тілге тиек етіп, қаржыгерлеріміздің ауданымыздың экономикасының қаржылық әлеуетін дамытуға бағытталған ерен жұмыстарының арқасы” екенін айта келе қаржы саласы мамандарының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ауданымыздың экономикасының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қаржы саласының үздіктерін марапаттады.
Одан кейін Кеген ауданының әкімінің орынбасары Е.Нұрмаханов аталған мерекемен қаржы саласының қызметкерлерін құттықтады.
Салтанатты шара ауданның көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.