
Кеген ауданы Қарқара ауылында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы.
Алматы облыстық құрылыс басқармасы арқылы жүргізіліп жатқан, Қарқара ауылындағы спорт залымен біріктірілген мәдениет үйінің құрылысы бойынша қазіргі уақытта кірпіші толық қаланып, шатыры жабылған және терезелері қойылуда.
Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары 85%-ға аяқталған.
Құрылыс жұмыстары осы жылдың аяғында аяқталады деп күтілуде.