“Спорт- маңызды, спорт- қажет”

“Спорт- маңызды, спорт- қажет”

1-қараша Саты ауылдық округі Көлсай демалыс аймағында “Республика күні” мерекесіне орай, бұқаралық спортты дамыту, қоғамға салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді спортқа баулу мақсатында, “Спорт- маңызды, спорт- қажет” атты мемлекеттік қызметкерлер арасында таңғы жаттығу және 4 шақырымдық жеңіл атлетикадан жүгіріс ұйымдастырылып өтті.
Таңғы жаттығуға Жалаңаш ауылы, Саты ауылы және Қарабұлақ ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекеменің қызметкерлері қатысты.