
Балалар ойын алаңы ашылды.
25 қазан - Республика күні қарсаңында Тасашы ауылдық округіне қарасты Ақтасты ауылында балалар ойын алаңы ашылып, көпшілікті қуанышқа бөледі.
Салтанатты шараға аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы арнайы қатысып, тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы және округ ақсақалдары лента қию рәсімін жүргізіп, шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.