
Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Айбар Теменовтың төрағалығымен Кеген ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Батырханұлынмен бірге, "Көлсай көлдері" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеңіл инфрақұрылымды дамыту жобасы барысымен танысу жиынын өткізді.
Шараға "Көлсай көлдері" МҰТП басшылығы мен мердігер компания өкілдері қатысты.
Шара барысында, атқарылған ауқымды жұмыстардың есебі тыңдалып, туристердің талабына сай өзгертулер пысықталды.