6-қазан Кеген ауданы Шырғанақ ауылында “Халықаралық Қарттар күні” мерекесіне арналған ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан аудандық жарыс ұйымдастырылып өтті.

Жарысты Кеген ауданының “Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуорталығы” КММ-нің директоры Мұқанқожаев Гайдар Әріпбайұлы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Досымбеков Сабыр ақсақал, Шырғанақ ауылының әкімі Сарыбаев Ернар құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы ақсақалдарға сәттілік тіледі.
Жарысқа барлық ауылдық округтерден ардагерлер мен ақсақалдар қатысты.
Жарыстың қорытындысында:
Шахматтан:
1-орын Ақыжанов Токмуханбет;
2-орын Құрақбаев Базан;
3-орынды Белгібаев Бейсенхан жеңіске жетті.
Дойбыдан:
1-орын Қаптағаев Қатубек;
2-орын Садыбеков Тоқтабай;
3-орынды Халықов Нұрлан жеңіске жетті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудан әкімінің арнайы дипломдарымен, аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының медальдарымен, ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, сонымен қатар Варшава келісім шарт бойынша арнайы дипломдарымен марапатталды.
Және де аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлының арнайы дипломдарымен марапатталды.