
Алматы облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 5 қазанда Кеген ауданында мүдделі мемлекеттік органдар мен байланыс операторлары өкілдерінің қатысуымен ауылдар мен мектептерге сапалы интернет жеткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Нәтижесінде «Қазақтелеком» АҚ келесі аптаның соңына дейін мектептерде интернет жылдамдығын көтеру жұмыстарын жүргізетін болды.