Қымбатты ұстаздар!

Қымбатты ұстаздар!

Қымбатты ұстаздар!
Сіздерді жыл айналып бір келер ұстаздардың кәсіптік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Рас, мынау жарық дүниеде ұстаздан қымбат, ұстаздан қадірлі жан жоқ шығар. Алдынан ақын да, ғалым да, дәрігер де, ұшқыш та шыққан ұстаздың орны бөлек. Қолыңа қалам ұстатып, білім нәрімен сусындататын мұғалім әрдайым жүрегіңнің төрінде тұрады. Ұстаз тек қана білім беріп қана қоймайды. Жан-жүрегіңе ізгіліктің дәнін себеді. Жақсылыққа жетелейді. Тағылымды тәрбиесімен жақсы азамат болып қалыптасуыңа жәрдемдеседі. Мектепте, мектептен кейін жаныңа қажетті істермен шұғылдануыңа ықпалын тигізеді. Ең бастысы, Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі, тілеуі, жарқын болашағы болар ұрпақ болып өсіп-өнуге жол ашады. Ұлы Абай бабамыз айтқандай «Дүниеге кетігін тауып, кірпіш болып қалануыңа» септігін тигізеді.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариын «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, өйткені мұғалім – мектеп жүрегі» деп атап айтқан еді. Сол айтпақшы, ауданымыздағы мұғалімдерге артар сеніміміз мол. Күтетін үмітіміз де жетерлік. Өткен оқу жылындағы жақсы нәтижеміз алдағы уақытта да жалғасын табуы керек. Біздің мақсатымыз Тәуелсіз Отанымызға тірек болар білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сол үшін де ұстаздарға бар жағдай жасалады. Қолдау көрсетіледі.
Ұлы Даламызда Мәңгілік Ел болудың көшіндегі, Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарынан көрінуге бет түзеген туған Тәуелсіз Отанымыздың баянды болашағы жолындағы ұстаздарымыздың мәртебелі ісі, баға жетпес еңбегі жана берсін!
Заман талабына сай жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыздың «Инемен құдық қазғандай» істері жемісті бола берсін! Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш, дендеріңізге саулық тілеймін!
Тәуелсіз Отанымыздың тұғыры биік, босағасы берік болсын!