Көлсайдан түскен пайда 63 млн теңгеге жетті

Көлсайдан түскен пайда 63 млн теңгеге жетті

Көлсайдан түскен пайда 63 млн теңгеге жетті
Жыл басынан бері Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 185 мыңға жуық демалушы келген. Ал одан түскен пайда 63 млн теңгеге жетіп отыр. Өткен жылы бұл жерге 210 мыңнан астам турист келген. Яғни, демалушылар саны жылдан-жылға артып келеді.
Сәйкесінше, туристердің демалуына ыңғайлы жағдай жасалуда. Мысалы, биыл 4G интернет тартылды. Билайн, Актив мобильді байланыстары толық жұмыс істеп тұр. Әр адам өзінің ыңғайына қарай киіз үйден бастап, жоғары санатты қонақ үйде қоныстануға мүмкіндігі бар. Ұлттық парк аумағында 57 қонақ үй орналасқан. Оның ішінде «Көлсай Номад» және «Көлсай Гранд» қонақ үйлері инвестициялық жоба есебінде бой көтерген. Жалпы жоба құны 143 млн теңге. Қонақ үйлердің бірі 50 адамға арналса, екіншісінде бір уақытта 25 адам қоныстана алады.