
“Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы”-ның басшысы Б.Е. Биғазыұлы ауданымызда іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында, аудан әкімі Т.Н.Молдахметұлы, аудан әкімінің орынбасары Н.Е. Сұлтанәліұлы және аудандық "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің басшысы А.Б. Берікұлымен бірлесе отырып, облыстық маңызы бар "Тасашы-Сарыкөл", аудандық маңызы бар "Қайыңды" жолы мен "Қарқара-Ереуіл", "Жылысай-Кеңсу", " Алғабас-Жіңішке" және Бөлексаз бен Жалаулы кірме жолдарын тексеріп, аралып қайтты.
Аталған жолдар бойынша жөндеу жұмыстарын қажет етететін учаскелерді анықтап, жоспарға енгізу керектігін хабарлады.