
11 қыркүйекте елімізде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі❗️
Барлық тұрғындарды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.
«Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар.
Тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шығу қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналау қажет.
Сейсмикалық жаттығулар Алматы облысының барлық денсаулық сақтау және білім беру объектілерінде "Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өтеді. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру.
Төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі