Аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы азаматтарды қабылдады

Аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы азаматтарды қабылдады

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында жүктелген міндеттерді орындау, мемлекеттік органдар жұмысының азаматтармен ашық қарым-қатынас жасауға бағытталған жаңа форматын жандандыру мәселесін өзекті ету бойынша, 28 тамыз 2023 жылы аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» қабылдау іс- шарасын өткізді.
Аудан бойынша 9 елді мекеннен 11 азамат жазылып, өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Сондай-ақ алдағы уақытта кестеге сәйкес, аудан әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-ден 17:00 аралығында жүргізілетін болады.