
Аудан әкімі Н.Молдахметұлы «Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен» КММ-нің жұмысымен, келесі оқу жылына деген дайындықтарымен танысты.
Оқу ошағы 1978 жылы 640 орындық балаға арналып салынған. Қазіргі уақытта 148 бала білім алады.
Балаларға арналған мектеп жанындағы интернат 1986 жылы 120 балаға арналып салынса, қазіргі уақытта 53 бала жатып білім алуда.
Аталған білім ордасы келер жылы күрделі жөндеу жұмыстарына тартылатын болады.