
Аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Кеген ауданының суару желілерін қайта-қалпына келітіру жұмыстары барысында, Мөнкебай каналының жұмысымен танысып қайтты.
Мөнкебай каналы, жалпы ұзындығы 10 шақырым, оның ішінде 1.2 шақырым канал монтаждалды, құрылыс материалдары толық жеткізілді, құрылыс монтаждау жұмыстары жалғасуда.
Нысан басына, күнделікті құрылысқа қажетті құрылыс материалдары мен бетон шығаруға инерттік материалдар тасымалдануда.