
Бүгін Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Кеген аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, Нұрбақыт Молдахметұлы әр сайлау округінің депутаттарымен танысып, алдағы уақытта аудан экономикасын көтеруге, әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге, ат салысатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттары Кеген ауданына жаңа тағайындалған аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлының жұмысына сәттілік тілеп, ел сенімін ақтауға тілек білдірді.